2017-2018 ж.ж Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жатақханаларына студенттерді орналастыру тәртібі

Электронды тіркелу 17 шілде мен 28 шілде аралығында

          

  1. «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ жатақханасында тұру қағидасына (029-08.08–1.13.1–2016 Қағидалары) сәйкес,  барлық студенттер электронды және қағаз сауалнамаларынан алынған мәліметтері бойынша комиссия және институт басшыларының шешімімен бөлмелерге орналастырылады.
    1. 2-3-курс студенттері сауалнамалары мен өтініштерін kazntu.kz порталында өз парақшасында толтырады.
    2. 2-3-курс студенттерінің өтініштерін қабылдау ағымдағы жылдың 17 шілдесінде онлайн жүйесінде басталады. Барлық өтініштер 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.
  1. Институттың өтініштерді қабылдайтын және қарастыратын комиссиясы өтініштерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Студенттік жатақхана басқармасына жатақханаға орналастырылатын студенттердің тізімін өткізу қажет.
  1. Жатақханаға орналастыру тәртібі:

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жатақханаларынан келесідей жеңілдігі бар студенттер орын ала алады:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек қатарындағы студенттерге қатарында болса;
  • мүгедек студенттерге: бала кезінен мүгедек, I және II топтағы,  мүмкіндігі шектеулі студенттерге;
  • көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге;
  • шетел азаматының студенттеріне;
  • алыс аймақтан келген студенттер (Алматы қаласы мен Алматы облысы бұл санатқа жатпайды).

      

  1. Комиссия келесі санат қатарындағы студенттерге жатақханаға орналасуға рұқсат беруге құқылы:

– институттың және спорттық, ғылыми немесе ЖОО қоғамдық ұйымдарының жазбаша қолдау хатымен расталған ғылым және білім ісінде, спортта үлкен  жетістіктерге ие, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарда айтарлықтай нәтиже көрсеткен белсенділерге;

– ерекше жағдайларда – институт дирекциясының келісімімен қуатталған ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісінің ұсынысы бар студенттерге.

 

  1. Барлық даулы мәселелердің түпкілікті шешімін институттағы жатақханадан орын беру комиссиясы шығарады. Институт комиссиясының шешімі қайта қарастырылмайды.

 

265
18 шілде 2017
Наверх