Кафедра туралы

"Менеджмент" кафедрасы еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлайтын орталық әрі Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Экономика және бизнес институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедра 2016 жылдың мамыр айында «Логистика және бағалау», «Жобаларды басқару» және «Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» атты үш кафедра негізінде құрылды. Кафедраның құрылу және даму тарихы-жартығасырлық тарих, бұл кафедра өзінің бастауын 1967 ж. «Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» кафедрасының құрылуынан алады. Бірінші кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент М.Д. Даришев болды. Кафедраның жұмыс істеу барысында 2000-ға жуық инженер-экономисттер мен маркетинг және менеджмент бакалаврлары, магистрлері бітірді.


Кафедра мақсаты- Қазақстан Республикасының экономика саласының жүйесін құрайтын жоғары білікті кәсіби-техникалық және ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету. 


Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
1. Алдыңғы қатарлы білім бағдарламаларын және технологияларын дамыту.
2. Бәсекеге қабілетті білімді, ғылыми ой және техникалық шешімдерді дамыту.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру үдерісінің интеграциясын күшейту.
4. Ел экономикасының орнықты дамуы мен әртараптандыруын  жеделдетуге ғылымның нақты үлес қосуын қамтамасыз ету үшін инновациялық өнімдер мен кластерлерді құру және дамыту. 
5. Студенттік және ғылыми-педагогикалық бірлестіктерді  жүйелі дамыту. 


Кафедра миссиясы
Отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті  мамандардың кадрлық әлеуетін қалыптастыру.
«Менеджмент» кафедрасы бакалавриат, магистратура және PhD оқу бағдарламалары «Менеджмент», «Маркетинг», «Логистика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Инновациялық менеджмент», «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша даярлауды жүзеге асырады. 2016 жылы «Жобаларды басқару», «Логистика» және «Инновациялық менеджмент» магистрлік оқу бағдарламаларының мамандықтары Тәуелсіз  Аккредиттеу  Рейтинг  Агенттігінен(НААР) аккредитациядан өтті.
 Бүгінгі күні кафедраның   білім және ғылым қызметіндегі   басым бағыты   - «Жобаларды басқару» саласында мамандандыру  болып табылады. 

Наверх