Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ  PMI® REP пен  PMI® Kazakhstan Potential Chapter арасындағы кездесу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ PMI® REP пен PMI® Kazakhstan Potential Chapter арасындағы кездесу.

И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ  PMI® REP пен PMI® Kazakhstan Potential Chapter атты екі ұйымның өзара біріккен ұйымдары жобалық басқарудағы мәселелерді талқылау мен тәжірибе алмасу үшін  2017 жылдың 29 маусымында өздерінің алғашқы отырыстарын өткізді. Алғашқы біріккен отырыс қатысушылары:

  - Академиялық жұмыстар бойынша проректор Искаков Р.,

  - «Бизнес және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Досова С.,

 - Е.А.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару Институты директорының орынбасары Оразаева Ж.,

  - Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия Институтының академиялық жұмыстар бойынша директордың орынбасары  Құрманбаев Н.,

 - PMI® Kazakhstan Potential Chapter-дің экс-президенті Шоқаманов Р.,

  - РМІ мүшесі, Нұрашева И. РМР

  - РМІ мүшесі, Король Т. РМР

  - РМІ мүшесі, Қадірбаева Д. РМР

  - РМІ мүшесі, Қаңтарбаева В. РМР

  - РМІ мүшесі, Жұмабаева Г. РМР

  - РМІ мүшесі, Мусин Б. РМР

Кездесу барысында жобалық басқарудың келесідей маңызды мәселелері талқыланды:

  1. Жобалық басқаруға ықпал ететін түрлі факторлар;
  2. Жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін оқытудың негізгі өзгерістерін басқарудың маңыздылығы;

Басты спикер Берік Мусин, РМР, Теңізшевройл компаниясының кеңесшісі және Біріктірілген  операциялық орталықтың бағдарламалық менеджері өзінің кәсіби тәжірибесін негізге ала отырып, «Өзгерістерді басқару» тақырыбында таныстыру рәсімімен шықты. Барлық  қатысушылар өзгерістерді басқару мәселелері бойынша қызу талқылауға қатысты. Олар өздерінің идеялары, тәжірибелері, ойларымен алмасты.

Бұл Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ  PMI REP, ҚазҰТЗУ-дың проффесорлық-оқытушылық құрамы мен PMI® Kazakhstan Potential Chapter басшылықтары арасындағы жаңа қатынастарды қалыптастыруға, сондай-ақ, Қазақстандағы жобалық менеджменттің дамыту саласын инвестициялау үдерісінде қалыптасқан байланыстарды нығайту үшін керемет мүмкіндік болды.

Кездесу нәтижесінде келесідей міндеттер мен шешімдер қабылданды:

  1. ҚазҰТЗУ REP-те жобалық менеджмент Клубын құру;
  2. ҚазҰТЗУ-да клубтың ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыру;
  3. Қазақстандағы Жобалық менеджмент стандарттарын дәріптеу;
  4. Жобалық менеджментті дамыту үшін және ұйымдар мен адамдарға табысты болуына көмектесетін қоғам құру;
  5. Жобалық менеджмент компаниялары мен жеке тұлғаларды қамту мен оларды тиімді пайдалану мақсатында,  Қазақстанның жобалық менеджмент саласында көшбасшы болу. 

Встреча

355
1 шілде 2017
Наверх